Автоұрылардың қолынан қаза тапқан Олимпиада жүлдегері Денис Тен туралы атышулы жазба жариялаған 25 жастағы мұғалім Шерхан Байзенов жұмыстан шығуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Уральская неделя» жазады.
Байзенов БҚО-дағы Белес ауылында мектепте математика пәнінен сабақ береді. Оның айтуынша, содан кейін тіптен ол оқытатын балалардың ата-аналары шағымданып, баласын оған оқытқысы келмегенін мәлімдеген. Осыдан кейін Байзенов мектеп директорына кіріп, жұмыстан шығуға дайын екенін айтыпты.
Айта кетейік, Байзенов өткен аптада өзінің Instagram желісіне Денис Теннің суретін салып, «бір қытай үшін зарламаңдар» деп, кісі өлтіргендерді мадақтап жазба жариялаған.