$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада түрмеде жазасын өтеп жатқандар ауыздарын сым темірмен тігіп тастады

Қызылордадағы ЗК 169/5 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 4 жазасын өтеуші наразылық ретінде өз ауыздарын тігіп тастаған деп хабарлайды Хабар24.

Олардың айтуынша, түрмеде жағдай жоқ және тәртіп сақшылары сотталғандармен дөрекі қарым-қатынас жүргізеді. Сондай-ақ абақтыға қамалғандардың туған-туыстарымен телефон арқылу сөйлесу мүмкіндігі де шектелетін көрінеді. Бұл туралы бас бостандығынан айрылғандардың жақындары қоғамдық бақылау комиссиясына шағымданған.

Болған жағдайға байланысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев жағдайдың қалыпқа келгенін айтады.

«Сотталғандар мерзімін өтеп жатқан мекеменің әкімшілігінен іштегі ауаның тарлығынан есікті ашып қоюды талап етті. Бұған енді нормативтік актіге байланысты ол қапастың есіктері жабық болуына талап бар. Болған жағдайға байланысты прокуратура басқа да ҮЕҰ өкілдері келіп олармен әңгімелесу жұмыстары жүргізілген соң олар өз еркімен сымды еріндерінен алып тастады. Қазір жағдайлары жақсы», - дейді облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары