$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысының тұрғыны 17 жастағы жасөспірімге пышақ сұғып алды

Алматы облысының полицейлері өз көршісін өлтірмекші болды деген айыппен 21 жастағы жігітті қолға түсірді деп жазады Sputniknews.kz.

22 шілде күні ауруханаға Жармұханбет ауылының 17 жастағы тұрғыны мас күйде келіп түскен. Жасөспірімнің іш қуысынан пышақ жарақатын алғандығы туралы полиция өкілдері хабарлады.

Анықталғандай, жасөспірім 21 жастағы көршісімен алкогольдік ішімдік ішкен. Сол уақытта бөтелкелес досы ерегісіп, оған пышақ сұғыпты. Қазіргі уақытта дәрігерлер жәбірленушінің жағдайын орташа ауыр дәрежеде деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары