Жол апаты 22 шілде Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында болған деп жазады alau.kz.
Сағат 10.00 шамасында Талапкер ауылына жақын маңда «Ауди» және «КамАз» көліктеріі бетпе-бет соқтығысыпты.
«41 жастағы автокөліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін сақтамаған. Ол жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан КамАз-бен соқтығысты», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан «Ауди» және «КамАз» көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілген.
«Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған. Оның басына ота жасалды. Ал жеңіл көлік жүргізушісінің кеуде қуысы жарақаттанған», – деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев
Оқиға бойынша полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.