24.07.2018, 10:06

6 жасар сәби өлер алдында өз органдарын мұқтаж жандарға беріп кетті

Англияның Линкольн қаласында өлім аузында жатқан 6 жасар бала донорлыққа келісім беріп, өз органдарын мұқтаж жандарға беріп кетті деп жазады The Mirror.

Уильям Кой 17 шілде күні үйінің терезесінен құлап кеткен. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, араға екі күн салып сәби қайтыс болды.

Кейінірек белгілі болғаны, Кей ауруханада есін біліп жатқан кезде өлетінін біліп, ағзаларын мұқтаж науқастарға беруін өтініпті. Отбасының танысы Лора Уилсоның айтуынша, қайғылы оқиға болардан аз уақыт бұрын Уильям анасымен бірге донорлық туралы деректі фильм көрген екен. Баланың шешіміне осы фильм де әсер етуі мүмкін дейді ол.

Уильям Кейдің ағзалары алты адамға донорлыққа берілді. Яғни, 6 жасар сәби өзі өлсе де 6 адамның өмірін аман алып қалды.

Айта кетейік, былтыр қыркүйек айында Ұлыбританияда қайтыс болған кішкентай қыз 8 адамға өмір сыйлаған болатын.