Өзбекстан ғылым академиясы басқармасы 1 тамыздан бастап еңбекақыны екі есеге көтермек. Бұл жөнінде Norma.uz сайты президент қаулысына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнан бөлек 1 қыркүйектен бастап ғылыми-зерттеу мекеме қызметкерлері мен жоғары оқу орнының профессор-оқытушыларының жалақысы 25 пайызға өседі.
Сонымен бірге ұлттық зерттеу институтының инженер-техникалық мамандарының да еңбекқысы 30 пайыздан 100 пайызға көбеймек.
Аталған ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы мұнымен тоқтап қалмай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 20 пайызға, 2019 жылдың 1 шілдесінен 25 пайызға көтеру қарастырылған.
Дереккөз: centralasian.org