$ 494.87  520.65  4.91

Абай 21 ғасырда өмір сүрсе, ары кетсе блогер болар еді – кәсіпкер

Танымал кәсіпкер Нұрлан Байділдә Ұлы Абай атамызды біздің заманымызда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді деп Айда аспаннан бір-ақ шығарды.

«Айтқаным біреуге ұнамас. Бірақ ақиқатты айтатын кез келді деп ойлаймын. Оны дәл қазір қабылдай алмасаңыздар да, болашақ ұрпақ түсінеді деп үміттенемін. Қазақтың мақтанышы кім десең бәрі Абай дейді. Мен мұнымен келіспеймін. Абайды өз басым мойындамаймын. Абай қандай жақсылығы үшін осынша дәріптеледі? Қиын-қыстау заманда қол бастады ма, ел бастады ма? Ол тіпті ауыл басқарған емес. Ол ақылды, жақсы адам. Бірақ бүкіл қазақ үлгі боларлықтай кемеңгер тұлға емес. Абайдың әкесі Құнандай нағыз азаматтығымен көзге түскен адам. Ел басқарды. Шынымен де үлгі боларлық тұлға. Абай біздің заманымызда өмір сүрсе ары кетсе танымал блогер ғана болатын еді. Бұл туралы ол өз кітабында сыр ақтарған болатын. Бірінші қара сөзінде осы жасқа келіп не бітірдім, енді не істемекпін деген ойға келеді. Ол кезде Абай 45-те болатын. Демек 45 жасқа дейін Абай түк бітірмеген. Құр қыдырған, домбыра тартқан. Ешнәрсе істегісі келмеген», - дейді кәсіпкер Нұрлан Байділдә.

«Осының бәрін не үшін айтып отырмын, мақсатым не?» деген сұраққа өзі былай деп жауап қатады кәсіпкер: «Кеңес үкіметі қазақтың игі жақсыларын құртып тынды. Бірақ халықты алдай тұруы шарт еді. Сондықтан үлгі боларлық тұлға ретінде Абайды таңдап алды. Әуезов болса артылған міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты. Біз әлі күнге дейін Абай сияқтымыз. Қазақ отырып алып ойланғанды, аспанға қарап армандағанды, ешнәрсе істеуге құлқы жоқ, өмірден баз кешуге даяр. Мұның бәрі сол идеологияның, жақсы пиардың тікелей әсері. Шын мәнісінде қазақта үлгі боларлық тұлғалар көп. Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хандар нағыз азаматтар. Солар сияқты болуға ұмтылуымыз тиіс. Сонда ғана мықты боламыз.

Еріккеннен Абайға тиісіп отырғаным жоқ. Қазақтың нағыз қайсар азаматтарды үлгі қылып, соларға қарап бой түзегенін қалаймын», - деп сөзін аяқтады Нұрлан Байділдә.

Бұған не дейсіз, оқырман?

Дереккөз: Қамшы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары