#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Көлік қағып, тал түбіне тастап кеткен 5 жасар баланың бас сүйегі 6 айдан кейін ғана қалпына келеді

Тал түбінен табылған 4,5 жасар баланың бас сүйегі 3-6 айдан соң жабылады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға 3-6 ай көлемінде қайта ота жасалады. Хирургтар баланың бас сүйегін қалпына келтіретін болады.

«Алған жарақаты өте ауыр болғандықтан оған ұзақ уақыт оңалту шараларынан өту керек. Біздің ауруханада емдеу хаттамасы бойынша мұндай пациенттер 14-21 күн ем алады. Әлбетте, толығымен жазылып кетпейді. Бала ем алған соң 2 апта-1 айдай демалып, қайта ауруханаға жатқызылады, сөйтіп реабилитациялық ем алады. Қазір баланың бас сүйегінің орны ашық, тек терімен жабылып тұр. 3-6 ай аралығында сүйек қайта орнына салынып, жабылуы керек. Сонымен баланың жағдайы жақсаруы тиіс», - деді Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов.

Оның айтуынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

«Бала анасымен бірге. Есін біледі, сұраққа жауап бере алады. Алған жарақатына байланысты аяқ қол гемипарезі, сөйлеуінің бұзылысы бар. Бала өзі тамақ ішеді. Ата-анасын таниды», - деді орталық нейрохирургы Николай Дьяченко.

Мамандардың айтуынша, баласы мен анасы ауруханада тегін кепілдендірілген медициналық көмек есебінен емделіп жатыр.

«Мұндай жарақат өте ауыр жарақат түріне жатады. Үнемі осындай асқынулар болып тұрады. Біздің міндет - асқынуларды барынша азайту. Жарақаттан соң вегетативті, сөйлеу, қозғалыс бұзылыстарының болуы - қалыпты жағдай. Оларды болдырмауға барынша тырысамыз», - деді Николай Дьяченко.

Баланың нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстырылғанын кеше хабарлаған болатынбыз.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар баланы көлік қағып, қан-жоса болған күйде көрпеге орап, тал түбіне қалдырып кеткен. Ата-анасы бірнеше минут өткен соң ғана баланы жүздеген метр қашықтықтан тауып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары