26.07.2018, 03:53

Қостанай облысында кеншілер жаппай уланды

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы «Қазақстан Алюминиі» компаниясына қарасты Краснооктябрьск боксит кен басқармасының кеншілері жаппай уланып қалды. Бұл туралы ERG компаниясының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазылды.

25 қызметкер Лисаковск ауруханасына астан уланды деген күдікпен жеткізілді.

Кеніштен медицина мамандары тиісті сынама үлгілерін алды.

«Кеніш басқармасының асханасындағы ас мәзірінен ет, тауық жұмыртқа алынып тасталды. Қайнамаған суды қолдануға тыйым салынды. Басқарманың барлық қызметкері енді тек қайнаған су ішетін болды», - делінген хабарламада.