Танымал эстрада жұлдызы Айдана Меденова Instagram-парақшасына купальникпен түскен суретін саламын деп жұрттан ұрыс естіп қалды.
Дәл қазір әнші Түркияда отбасымен бірге демалып жатыр.
«Әлішер Айға қарап жүргенде купальникпен бір фото салып үлгердім», – деп жазды Меденова.
Көпшілікке отбасылы келіншектің бұл қылығы жақпай қалды.
«Ұятың жоқ екен. Күйеулері қалай тыныш отырады осылардың?», «Қазақтың қыздарына қалай үлгі боласың мына түріңмен? Сұлулығың көк тыйын», - деп жазды желідегілер.