26.07.2018, 05:01

«Ұятың жоқ екен»: Купальникпен түскен суретін жариялаған Меденова ұрыс естіп қалды (ВИДЕО)

Танымал эстрада жұлдызы Айдана Меденова Instagram-парақшасына купальникпен түскен суретін саламын деп жұрттан ұрыс естіп қалды.

Дәл қазір әнші Түркияда отбасымен бірге демалып жатыр.

«Әлішер Айға қарап жүргенде купальникпен бір фото салып үлгердім», – деп жазды Меденова.

Көпшілікке отбасылы келіншектің бұл қылығы жақпай қалды.

«Ұятың жоқ екен. Күйеулері қалай тыныш отырады осылардың?», «Қазақтың қыздарына қалай үлгі боласың мына түріңмен? Сұлулығың көк тыйын», - деп жазды желідегілер.