$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп директоры «еден жуушы» қызметін қоса атқарған

Шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкенттегі М.Горький атындағы №12 мектеп директоры И.Кадирова ұсталды.

Оның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, мүлікті иемдену және талан-таражға салу мақсатында ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны анықталды. Бұл туралы otyrar.kz жазады.

Нақты айтқанда И.Кадирова пайдакүнемдік мақсатпен 2013 жылдың қаңтар айыннан бастап аталған мектепте кіші қызмет көрсетуші қызметкердің (еден жуушы) бос орнына өзінің танысы Х. деген азаматшаны тіркеп қойып, 2 жыл көлемінде өзі жалақыны алып отырған. Осылайша күдікті мемлекетке 855 577 теңге залал тигізді.

Қазіргі таңда И.Кадирова қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі, 3 тармақшасы және 369-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Еңбекші аудандық сотына жолданды.

Атап өту керек, қазіргі уақытта И.Кадирова мемлекетке келтірген залалды толық өтеді.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары