$ 494.87  520.65  4.91

Классикалық парашюттік спорттан чемпионат өтті

53975 әскери бөлімінің ҚР ҚК парашюттік даярлық орталығының базасында жеке командалық біріншілікке классикалық парашюттік спорт бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің 24-ші ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

15 ер және 5 әйел командасы, 53975 ә/б іздеу-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің 60-тан астам армиялық спортшылары, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері, парашюттік спорт клубтары мен федерацияларының өкілдері парашюттік спорттың чемпиондары болуға бақ сынады. Қатысушылар қону дәлдігіне парашюттен 602 жеке секіру және акробаттық фигуралар кешенін орындады. Нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштерінің абсолюттік чемпиондары атағын ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының спортшылары аға прапорщик Инна Анцупова мен ҚР ҚК қызметкері Вячеслав Ли иеленді.  Топтық секірулерде жерге қону дәлдігі жаттығуларында жинаған ұпай қосындысы бойынша бірінші орынды ҚР ҚК Парашюттік даярлық орталығының ерлер және әйелдер командасы қанжығаларына байлады. «Төрелік ету жерге қону дәлдігіне секірулер нәтижелерін электрондық тіркеу жүйесінің көмегімен өткізілді. Барлық спортшылар лайықты өнер көрсетті. Жарыс жақсы деңгейде өтті» - деді ҚР ҚК ӘҚК Парашюттік даярлық орталығының бастығы майор Леонид Дудкин. Чемпионатқа қатысушылар қатарында халықыралық дәрежедегі 13 спорт  шебері, екі спорт шебері, бірінші және екінші разрядтағы 23 спортшы екенін атап өткен жөн. Тәжірибелі дәрежелі армия спортшыларымен бірге сайысқа жас парашютистер қатысты. Юниорлық сынақта секіруді сегіз спортшы бозбала мен қыздар орындады.



 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары