$ 445.66  474.58  4.78

Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты

Осыдан 1 апта бұрын қарақшылар қолынан қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты деп жазады 24.kz.

Еңбекті Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері әзірлеп, Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына орналастырды. Оқырман қауым онда қыршын кеткен отандасымыздың өміріндегі ең жарқын сәттермен таныса алады. Сондай-ақ мемлекет басшысынан бастап, халықаралық олимпиада комитеті мен әріптестерінің көңіл айту хаттарын, достары және жақындарының естеліктерін оқиды. Туындыға балалық шақтан бергі отбасылық суреттер де топтастырылған. Айта кетейік, Дениске арналған кітап бастапқыда 60 бет болып шығарылған еді. Бүгінде оның көлемі екі есе көбейтілді. Сонымен қатар ақын-жазушылардың шығармалары енгізілді.

«Денис 21 жасында Құрмет орденімен марапатталған. Ол елінің патриоты болды», - дейді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Сәулеш Назырова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары