$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында ер адам өзгені құтқарамын деп өзі суға батып кетті

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округі маңындағы Сырдария өзенінде 1993 жылы туған жігіт белгісіз жағдайда суға батып кете жаздап, әупірімдеп аман қалған. Өкініштісі оны құтқарамын деп суға түскен 1979 жылғы ер адам суға батып кеткен деп жазады Оtyrar.kz. 

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары (6 қызметкер, 1 дана техника, 1 жүзу құралы) сағат 17:33-те  суға батқан 1979 жылғы ер адамның мәйітін тауып, денесін шығарған.

Түркістан облысы бойынша шомылу маусымының басынан бері судағы қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамай, жазатайым оқиғаларға алып келген бұл 20-оқиға, оның ішінде 22 адам қайтыс болса, оның 13-і бала.

Оқиғаны Шардара аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтауда. Құтқару қызметінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өлімге алып келетіндігін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары