$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында әйел екі баласымен бірге жоғалып кетті

Алматы облысында ер адам өз отбасының мүшелерін іздеп жатыр деп жазады Stan.kz.

Ер адам әйелі мен екі баласына іздеу салды. Олар 24 шілде күні жоғалған.

Ерлі-зайыпты отбасымен Тұздыбастау ауылында тұрады. Ер адамның айтуынша, әйелі мен екі баласы үйінен шығып, қайта оралмаған.

Күйеуінің айтуынша, әйелі өз туыстарының үйіне бармапты. Бала-шағасы жоғалған күні күйеуі жұмыста болған.

Ер адам Талғар қаласындағы АІІБ-нен көмек сұрап, арыз жазды. Арыз жазушы әйелімен арада жанжал болмағанын, жақсы тұрғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары