27.07.2018, 03:17

Шымкенттегі көліктерге жаңа мемлекеттік номерлер беріле бастады

Шымкенттік көліктерге 17-ші аймақ номері беріле бастады және бір күннің ішінде 50-ден астам азамат су жаңа номерді рәсімдеп үлгерді деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Алғашында жаңа цифрларды таққысы келетіндер бірден мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады деп күтілген. Бірақ, мекемелерде әзірге дүрбелең байқалмайды. Айта кетсек, Шымкент мегаполис аталғалы талай әзілдің өзегі болған 13-ші аймақтан 17-ге өзгереді деп шешілген. Ал, Түркістан облысы баяғыдай 13 номерімен қала бермек. Енді шымкенттіктер тиісті құжаттармен келген жағдайда 90 минут ішінде 17-ші аймақ номерінің иесі болып шыға келмек.