27.07.2018, 03:23

Украиналық сарбаз жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Киевте бұрынғы жауынгер Сергей Ульянов Қорғаныс министрлігі ғимараты алдында әскерден шығарылғанына наразылық ретінде өз-өзін өртеп жіберді.

Әріптестері оны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ ол босап шығып, өз-өзіне өрт қойған. Құтқарушылар өртті тез сөндіріп, алғашқы медиіиналық көмек көрсетілді.

Қазір Сергей Ульянов өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Ульянов журналистерге екі жыл бойы әскерге қайта қабылдана алмай жүргенін мәлімдеді. Өзін өртеу арқылы ол осындай жағдайға көпшіліктің назарын аударғысы келген. Акцияны ZIK телеарнасы көрсетті.

Дереккөз: centralasian.org