$ 498.34  519.72  4.85

Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші адам ұсталды

Денис Тенді өлтірді деген үшінші күдікті қамауға алынды деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, ұсталған ер адам қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр. 

«Дәлел жеткілікті, оның заңдылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады», - деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында. 

Мұның алдында Денис Теннің өлімі бойынша істе екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Оның бірі - Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылғы  Құдайбергенов Арман Бурибаевич, екіншісі - Жамбыл облысының тумасы, 1994 жылғы Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары