Әуе оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, SCAT әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр.
Бейсенбі күні Хургада – Алматы әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды деп жазады Sputniknews.kz.
«Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада – Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті», – деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.
Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.