Күні кеше ғана кәсіпкер Нұрлан Байділдә қазақтың Ұлы ақыны Абайды мойындамайтынын айтып, «Ол 21 ғасырда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді» деп жұрттың ашуына тиген еді. Жас ақын Қалқаман Сарин кәсіпкерден кешірім сұрауын талап етсе, Балғынбек Имашев оны «наданға» теңеді.
«Бір дұрыс нәрсе жаза алмай күйінумен өтетін болдық-ау. Тенді жоқтап болып «тендерщикті» боқтап жатыр екен инстақауым.
Байділдәнің бейне жазбасын тыңдап бір күйінсем, Ұлы Абайдың қасына Байділдәнің суретін қойып қойғандарға екінші рет күйіндім.
Оның қалағаны да сол еді ғой! Ол Абайдың орнына ұлтқа көсем, жұртқа үлгі болғысы кеп жүрген біреу-ау. Әйтпесе, сондай қитұрқы лепірмесін «Сын казаxского народа Нұрлан Байділда» деп аяқтауға қалайша дәті барды, қалайша беті бүлк етпеді?
Баян сұлу - байдан шығып байға тисе, Бәйділда қу - тендерден шығып Абайға тиді-ау! «Атың шықпаса жер өртенің» бұдан асқан мысалын мен көрмедім.
Бір жағынан соңынан ел еріп кетпей тұрғанда Нұрлан өз надандығын көрсеткені дұрыс та болды.
Мен оның суретін де салғым келмейді. Өйткені, оның қалағаны осы пияр ғой.
Тек оқырмандарға айтарым, Есенқұл Жақыпбектің айтыстағы бір шумағы:
Дейміз біз: Абай ұлы, Абай дана,
Мақтауын асырамыз қалайда да.
Абайды шын түсінген қазақ аздау,
Абайды шын түсінген - Абай ғана!», - деп жазды Имашев желідегі парақшасында.