$ 443.37  474.49  4.83

«Халық Банкінің» банкоматтары ақша бермейді: Банк өкілі не дейді?

«Халық Банкі» АҚ басшылары банкоматтарының істен шығатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне банктің ресми өкілі Лариса Коковинец айтты деп жазады ҚазАқпарат. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екі банктің бірігуіне байланысты, «Халық Банкі» АҚ қаражаттық операцияларды жүзеге асырмайтындығы туралы ақпарат тараған болатын.

Ал бүгін олардың банкоматының ақша бермейтіні жайында сыбыс тарауда.

«Ақпарат жалған. «Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» банкомат желілері ақаусыз істеп тұр. Қазір екі банктің бірігуіне байланысты күрделі техникалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті де тұтынушылар мен әріптестеріміз арасында қате түсінік болуы мүмкін»,- деді Лариса Коковинец.

Сондай-ақ, ол жақын арада банктер арасындағы интеграция аяқталатынын, тиісінше қызмет сапасы жоғарылайтындығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары