$ 445.66  474.58  4.78

Мәңгілік ел даңғылы жабық болады: Астаналықтарға алдағы 3 күнде кептеліс болатыны ескертілді

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, қазіргі кезде Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сарайшық көшесі мен Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығындағы жол учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізілуде деп жазылған Астана әкімдігінің ресми парақшасында.

Асфальтбетонның беткі қабат жабындысын төсеуге байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын толық шектеу жоспарланған:

1)27 шілде сағат 18:00-ден 28 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Сулы-жасыл гүлзар учаскесі аралығы;

2)28 шілде сағат 18:00-ден 29 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Сулы-жасыл гүлзардан бастап Бас прокуратура қиылысына дейін;

3) 29 шілде сағат 18:00-ден 30 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылы бойынша Бас прокуратура қиылысынан бастап Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығындағы дейін;

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. Келтірілген уақытша ыңғайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары