«Астана - Триатлон 2018» жарысының өткізілуіне байланысты елордадағы қоғамдық көлік бағдарлары өзгереді деп хабарлайды «Астана LRT» баспасөз қызметі.
«Құрметті Астана тұрғындары және қонақтар! 2018 жылғы 28 шілде күні сағат 07:45-тен 10:00-ге дейін, Б. Момышұлы даңғылының Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі; Қошқарбаев көшесінің Б. Момышұлы көшесінен Шалқыма көшесіне дейінгі; Шалқыма көшесінің Сарайшықтан Тоқпанов көшесіне дейінгі бөліктерінде «Астана - Триатлон 2018» жарыстарының өткізілуіне байланысты, автобустардың қозғалысы шектеледі», - делінген ұйымның ресми сайтында.
№10 бағдар: «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» аялдамасынан Мәңгілік Ел және Сарайшық көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, тағы да оңға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша, қайтарда бұрынғы сызбасымен жүреді.
№15 автобус: «Темір жол тұрғын алабы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді. Қайтарда бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.
№47 автобус: «Дегелең орамы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.
№51 автобус: «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді. Қайтарда бұрынғы бағдары бойынша жүреді.
№56 автобус: «Өндіріс тұрғын алабы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасымен жүреді. Кері бағдарда бұрынғы сызбасымен жүреді.
№60 автобус: «Арнау тұрғын үй кешені» аялдамасынан Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, солға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы бағдары бойынша жүреді.
Кері бағдарда «Строймарт гипермаркеті» аялдамасынан Амман - Тоқпанов көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай тура Марал көпіріне жүріп, ары қарай бұрынғы бағдарымен жүреді.
№61 автобус: «Жылутранзит» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай тура Тәуелсіздік даңғылымен жүріп, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылады, ары қарай бұрынғы бағдары бойынша жүреді. Қайтарда дәл осы бағдармен жүреді.
№101 автобус: «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан Б. Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Тәуелсіздік даңғылына, оңға - Қошқарбаев даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасымен жүреді. Кері бағдарда бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.
№104 автобус: «Азия парк СОО» аялдамасынан Мәңгілік Ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға - Сарайшық көшесіне, оңға - Қабанбай батыр даңғылына, оңға - Тәшенов тұйық көшесіне, солға - Тәшенов көшесіне бұрылып, ары қарай бұрынғы сызбасы бойынша жүреді. Қайтарда бұрынғы сызбасы бойынша жүреді.
Дереккөз: ҚазАқпарат