$ 494.87  520.65  4.91

Демалыс күндері аптап ыстық, бұршақ, дауыл болады – синоптиктер

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды.

28-30 шілде аралығында еліміздің солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерінде аптап ыстық болса, шығыста жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін деп хабарлайды синоптиктер.

«Республиканың солтүстік өңірлерінде өткінші жаңбырға қарамастан, 29 шілдеде ауа температурасы күндіз 25-30 градус ыстыққа дейін көтеріледі. Бұған Иран аумағынан келетін жылы ауа ағындары себеп болады. Ал еліміздің оңтүстік-батысында 40-42 градус аптап ыстық болады», – делінген хабарламада. 

Қазақстанның шығыс өңірлеріне әлі де циклон ықпал етеді, сонымен бірге салқын және ылғалды ауа ағындары салдарынан өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрып, ауа температурасы ауытқиды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары