$ 494.87  520.65  4.91

«ТМД Аруы-2018» байқауында қазақ қызы бірінші орынды жеңіп алды

Астанада «ТМД Аруы - 2018» xалықаралық байқауы өтті. Қазақстанның намысын үш қыз қорғады деп жазады ҚазАқпарат.

Жалпы, байқауға 10 елден 19 ару қатысты. Олардың ішінде Қазақстаннан - Роза Ярлабекова, Әсем Есенгелдинова және Ксения Якимчик, Армениядан - Ромелла Тамарян, Украинадан - Татьяна Акуленко, Лика Шевченко мен Оксана Левченко, Грузиядан - Аннамария Качеишвили және Лика Тория, Тәжікстаннан - Маликабону Каюмова мен Назира Мирзоева, Беларусьтан - Виктория Лавренко мен Анна Панамарева, Ресейден - Арина Зинченко, Виктория Волгина және Жанара Хасенова, Латвиядан - Лариса Агафонова, Қырғызстаннан - Сусанна Егорян, сондай-ақ, Өзбекстаннан - Дарья Масальская бар. Қатысушылардың жасы - 18-30 арасы.

Айта кеткен жөн, «ТМД Аруы» байқауы Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әділ қазылардың шешімі бойынша Виктория Волгина (Ресей) үшінші орынға ие болды. Екінші орынды - Ромелла Тамарян (Армения) еншілесе, бірінші орында - Әсем Есенгелдина (Қазақстан). Ал «ТМД Аруы - 2018» Халықаралық байқауының алтын тәжі мен Гран-приін Татьяна Акуленко (Украина) жеңіп алды. Бұдан бөлек, арнайы аталымдар да болды. Байқаудың сыйақы қоры - 10 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары