Үнді еліне саяхат жасаған байкерлер әнші Қайрат Нұртастың аты шетелдіктерге қаншалықты таныс екенін білу мақсатында оның суретін көрсетіп шыққан. Алайда, елімізде танымал әншіні ол жақта ешкім тани алмапты деп жазады Men`s Health журналы.
"Фотокарма" фильм түсірілім тобы жергілікті тұрғындар мен сол мекенге келуші туристерге отандық әншілердің суреттерін көрсетіп, Қазақстан елін таныстырыпты.
Алайда, Қайрат Нұртасты ешбіреуі әнші ретінде қабылдамапты. Оны бірі студент десе, енді бірі саясаткерге ұқсатқан.
Қайраттың суретін көргендер ол туралы неше түрлі пікірлер айтыпты. Олар "Ол әншіге ұқсамайды", "Ол бір байдың баласына ұқсайды", "Түріне қарағанда оның жоғары жақтағылармен қарым-қатынасы жақсы сияқты. Сөйтіп өзін бәрін білетін адам сияқты ұстайды. Негізінде ештеңеден хабары жоқ адам" деп болжам жасаған.
Шетелдіктердің көпшілігі танымал әншімізді Брюс Лидің немересі деп ойлап қалған.