28.07.2018, 05:45

Әлем елдері Айдың тұтылуын тамашалады

Қазақстандықтар ғасырда бір рет болатын астрономиялық құбылысты, Айдың тұтылуы мен Марстың қозғалысын тамашалады деп хабарлайды 24.kz.

Айдың толық тұтылуы 103 минутқа созылып, рекорд орнатты. Жалпы, ерекше құбылыстың ұзақтығы 5 сағатқа жеткен. Ай Марска жақындап, түсі ерекше қызыл күреңге боялды.

Тұтылуды тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем тамашалады. Ғалымдар: «құбылыс осы ғасырда алғаш және соңғы рет болады», – дейді.