$ 439.43  473.31  4.82

Астанада домбыра кеші өтеді

Астанада көше шығармашылығы үшін жаңа лаң ашылатыны туралы елордадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook-парақшасында мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

«Достар, сіздерге көше шығармашылығы үшін біздің ауданның аумағынан тағы бір алаңның ашылғаны туралы жаңалықты қуанышпен хабарлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, шілдеде Жеңіс/Бөгенбай көшелерінде амфитеатры бар «Ақжайық» саябағы ашылды! Музыкалық академияның ректоры Айман Мұсаходжаеваның қолдауымен бұл саябақтың музыкалық өмірі басталмақ. Бүгін, 28 шілдеде музыкалық академия студенттері қала тұрғындары мен қонақтарын естен кетпес «Домбыра» кешінде күтеді. Ұлттық аспап әуесқойлары мен қадірлеушілері домбыра үнін тыңдай алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Домбыра - қазақтың жаны». Концерт сағат 19.00-де басталады», - деп жазды Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары