Ақтауда қоқыс жәшігінен ер адамның мәйіті табылды деп жазады Lada.kz.
Басылымның мәліметінше, ер адамның мәйіті бүгін қаладағы 15 ықшамауданынан сағат таңғы 08.35 шамасында табылған.
Маңғыстау облыстық ІІД-нің хабарлауынша, күдікті ұсталды.
"Қайтыс болған адамның кім екені анықталды. Жедел топ жасағы құрылып, бір сағаттың ішінде күдікті ұсталды. "Кісі өлтіру" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.