Шымкенттік көпбалалы ана ДЦП диагнозымен туған ерекше баланы асырап алған деп хабарлайды NUR.KZ.
Төртінші перзентінен кейін көп жыл бала көтере алмаған Ақмарал перзентханадан бала асырап алмақ болған.
Ол туыла сала бауырына басқан ұлының сал ауруы туралы мүлдем хабарсыз болғанын айтады. Тек бір айлық сəбиін құшақтап невропатологқа қабылдауға барғанда ғана ерекше баланы асырап алғанын білген.
"Бармақ шайнап, өкінген түгім де жоқ. Дəрігерлер ауру баланы кері қайтарып, бас тарту мүмкіндігім бар екендігін айтты. Мен бірінші көргеннен ерекше ұлыма аналық мейірімім оянып, бар жылуыммен бауырыма басқанмын.
Бас тартқым келмеді. Тіпті қазір ерекше балаларға арналған балабақшаға бергім келмейді. Уайымдап қаламын. Сондықтан да жанымнан бір елі жібергім келмейді"-дейді Ақмарал Темірбаева.
Айта кетейік, Ақмарал жұбайымен қазақтың көнерген салты "сүйек жаңғырту" дəстүрімен шаңырақ көтеріпті.