$ 448.15  483.46  4.86

Тендер тек электронды құжаттармен өтетін болады

Мемлекеттік сатып алулар тек электронды құжаттармен жұмыс жасамақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, сатып алу электрондық форматта жүргізілетін және барлық әлеуетті өнім берушілерде электрондық цифрлық қолтаңба болуы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды электрондық нысанда ғана жасасу ұсынылатын көрінеді.

«Жаңа заң жобасында электронды шот-фактураларды, электронды жүкқұжаттарды және орындалған жұмыстардың электронды актіні ұсынуды міндеттеу талабы енгізілді. Бұндай шара келісімшарттың орындалу және жүзеге асу барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, келісімшарт бойынша істерді: оның жоспарлауынан толығымен аяқталуына дейінгі үдерісті қадағалауды толығымен автоматтандыруға болады», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын жасақтады.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары