30.07.2018, 05:39

Ішімдік ішкен қостанайлық жігіт бауырын пышақтап тастаған

Қостанайда ішімдікке тойып алған жігіт бауырын пышақтап тастаған деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД-нің полицейлері.

Оқиға Қашар ауылында болған.

«Спиртті ішімдік ішіп отырғанда жанжал туындайды. Салдарынан 42 жастағы ер адам өзінің бауырына пышақ тығып алады. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ІІД.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Alau.kz