30.07.2018, 06:01

ШҚО-да 1 жасар бала ыдыстағы суға тұншығып қайтыс болды

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында 1 жастағы бала 20 литрлік ыдыстағы суға тұншығып өлді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас отбасы аталмыш ауылға жуықта көшіп келген екен. Жаңа баспананы жөндеумен әлек болып жүріп, ерлі-зайыптылар 1 жастағы сәбиді қараусыз қалдырған. Бала аулада ойнап жүріп, монша алдындағы су толы ыдысқа құлап кеткен. Ата-анасы оны кеш байқаған.

«Оқиға орнына біріші болып полиция қызметкерлері жетті. Құтқарушылар тұрғындарды балаларын қараусыз жібермеуге шақырады. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережерелерін сақтамау үлкен қайғыға душар етеді», - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта

Тегтер: ШҚО бала өлімі