30.07.2018, 05:54

Қарағанды облысында әскери қызметкердің қолындағы граната жарылып кетті

Әскери қызметкер Облыстық медициналық орталықтың жансақтау бөліміне жеткізілген, нақты диагнозы хабарланған жоқ.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан мерзімді қызметі әскери қызметкерінің қолында граната жарылып кетті.

Оқиға Қарағанды облысында болған. Сарбаз ауыр хәлде Қарағанды қаласындағы Облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

«27 шілдеде әскери қызметкер ауруханаға түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлады медициналық орталық Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.