$ 441.66  475.14  4.86

БҚО-да болған жол апатынан 7 адам көз жұмды (ВИДЕО)

БҚО-дағы Сырым ауданында Тоғанас ауылына жақын маңда 30 шілде күні түнде жантүршігерлік жол апаты болды деп жазады Мой город.

Жол апатының мән-жайы анықталмаған. Сондағы куәгерлердің бірі оқиғаны телефон камерасына түсіріп алған. Бейнежазбада жол бойында екі автокөліктің өртеніп жатқаны көрінеді. Кадр сыртында, көліктің бірі ресейлік нөмір екені айтылған дауыс естіледі.

Алайда, Сырым аудандық әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов жол апаты жайлы ақпарат белгісіз екенін айтады.

Жол апатынан 7 адам қаза болған. Алайда полицейлерден мәлімет алу мүмкін болмай отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түнгі 03:15-минутта қоңырау түскен.

«Жол апатының барлық қатысушылары мерт болды. Жедел жәрдем қызметі ешбір адамды емханаға әкелмеген. Мәйіттің бәрін полиция алып кетті», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Қазіргі уақытта жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары