$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде 41 жастағы әйел тірідей жанып кетті

Өткен сенбіде  «Магистраль-2 көгалдандыру аймағында саяжай үйін өрт шалып, салдарынан әйел тірідей жанып кетті  деп жазады Ustinka.kz.

ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенше үйдің жарты бөлігі жанып кетіпті.

Өрт сөндірушілер үйден 41 жастағы әйелдің өлі денесін тапқан. Көршілерінің айтуынша, ол өз еркімен жүріп-тұра алмайтын болған екен.

«Марқұм бұл үйде күйеуімен бірге тұрған. Куәгерлер әйел  мен күйеуінің алкогольдік ішімдікке әуес болғанын айтады. Өрттен күйеуі қашып үлгеріп, аман қалған.  Алайда, ол мас күйде болды. Қазір онымен полиция айналысып жатыр», – дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығуына үй иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермегендігі себеп болып отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары