Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында күзетшімен 2 жігіт төбелесіп қалды. Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы түрлі топтарда жарияланып жатыр.
Видеода 2 ер адам регбиге арналған допты бір-біріне лақтырып, қоғамдық орында алаңсыз ойнай бастайды. Өздерін тәртіпке шақырмақ болған күзетшінінің сөзіне 2 жігіт те құлақ аспайды. Ақырында тәртіп сақшысы екеуінің да сазайын беріп, жерге құлатады.
Белгілі болғандай, бұл кадрлар фильм түсірілімі боп шықты. Туындының режиссері Сафуан Шәймерденов екен.