$ 439.4  473.54  4.76

«Денис, саған арнаймын»: Қазақстандық боксшы жеңісін Денис Тенге арнады

Қазақстандық Әли Балоев өзінің кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісін жақында көз жұмған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады деп жазады Sports.kz.

Балоев АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында өткен бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша жерлесіміз жасөспірімдер арасында бірінші ауыр салмақтағы NABF чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

«Ассалаумағалейкум! Құттықтап жатқандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет! Бүгін мен қуанып та және қайғырып та отырмын. Бүгін мен жеңіске жеттім. Енді Солтүстік Америка чемпионымын. Ал қайғыма қазақстандық спортшы Денис Теннің орны толмас қазаға ұшырауы себеп болды. Менің жеңісім және белбеуім тамаша спортшы әрі жақсы адамды еске алуға арналғанын қалаймын. Мен, Әли Балоев, өз жеңісімді шын жүректен Денис, саған арнаймын! Бір-бірлеріңізге қамқор болыңыздар», – деп жазды Балоев өз Instagram-парақшасына.

Еске салсақ, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Арада кикілжің туып, автоұрылар спортышының аяғына пышақ сұғып алған. Салдарынан Денис Тен көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары