$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда көкөністер арзандады

Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады деп жазады Energyprom.kz.

Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген.

Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ - 26,5%, орамжапырақ - 22%, картоп - 14,4%, сарымсақ - 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген.

Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған. Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді.

Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.

Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады - жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген.

Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары