Алматы облысының Байсерке ауылында 56 жастағы ер азамат 3 жасар қызды ұрлап кетті деп жазады Tengrinews.kz. Полицейлер оны Қапшағай ауданынан ұстаған.
30 шілде күні кешкі сағат 21:50-де Байсерке ауылындағы мешіттің аумағында белгісіз ер азамат 2015 жылғы қызды ұрлап кетті. 1989 жылғы әкесінің арызы бойынша шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жылдамдық танытып, күдіктінің ізіне түсе білді. Адам ұрлаған ер азамат небәрі жарты сағаттан кейін Қапшағай ауданындағы жазық далада қолға түсті", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті 1962 жылы туған тұрғылықты мекен-жайы жоқ адам болып шығыпты. Қазір оның қызды не үшін ұрлағаны анықталып жатыр.