$ 443.85  474.3  4.8

«Қорыққан шығар, телефоны өшірулі»: Санжар Мадиев Денис Теннің өліміне қатысты Әсел деген нағыз куәгер қызға іздеу салды

Денис Теннің өлімінен кейін шындық үшін жанталасып, нағыз қылмыскерлерді іздеп жүргендердің бірі досы Санжар Мадиев. Ол бұған дейін полицейлердің куәгер деп тапқан қыздың қылмыскерлердің сыбайласы екенін айтақан еді. Бұл жолы актер нағыз куәгердің бар екенін айтып, оған іздеу жариялады.

«АІІБ жақсы білемін. Онда барсаң кем дегенде 10 сағатқа жуық отырасың. Куәгер боп барып, қылмыскерге айналып кетуің ғажап емес. Біздегі жүйе өкінішке орай осындай. Бізге реформа керек.

Оқиға кезінде өзін Әсел деп таныстырған қыз болған. Ол телефонын қалдырған. Бірақ өшірулі, қорыққан шығар. Мүмкін өтірік номер қалдырды. Есі шығып тұрған кезде шатасып қалуы да мүмкін ғой. Өтініш, Денистің анасы іздеп жатыр. Маған хабарласыңызшы, Әсел. (87075788643)», - деп жазды Мадиев Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматыда көлік айнасын ұрлап жүргендер пышақтап кеткен. Алған жарақатынан көп қан жоғалтқан спортшы бірнеше сағаттан соң есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Оның өліміне қатысты 2 күдікті ұсталды. Екеуі де күдіктіден қылмыскерге, керісінше қылмыскерден күдікте айналды. Денис Теннің жақындары болса, нағыз қылмыскерлерді тауып, жазаланғанын қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары