$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында өрттен екі әйел көз жұмды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылында жер үйден өрт шықты, деп хабарлайды  облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңғы 06:28-де Есік қаласының №6 өрт сөндіру бөліміне өрт туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер бірден Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылына аттанады. Оқиға орнына дейінгі ара қашықтық 25 шақырымды құраған. Олар ауылға 22 минут ішінде келеді. 

«Өрт сөндірушілер келген кезде, үй лапылдап жанып жатқан, төбесі құлаған. Тілсіз жауды сөндіру кезінде үйден 1955 және 1966 жылғы екі әйелдің  денесі табылды. Алдын ала себептер бойынша олар ұйықтап жатқанда, иіс тиіп көз жұмған», —делінген хабарламада. 

Өрт шамамен екі сағаттан кейін, 08:16-да толығымен сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтардан өрт туралы «101» немесе «112» телефондары бойынша лезде хабар беруді сұрайды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары