$ 439.43  473.31  4.82

Оралда қарттар үйінде бір қария екіншісін пышақтап мерт қылды

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар мен мүгедектер үйінде) ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін түс мезгілінде орын алды.

Жедел жәрдемге шақырту сағат 13.42-де түсіп, бригада 13.47-де жеткен.

Кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 1957 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, нақты мәліметтің кейін берілетінін жеткізді. Сонда тұратын ер адам екіншісін пышақтап тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары