01.08.2018, 11:35

Құтты болсын тойларың, «Halykшылдар» жар-жар. Тоқал қылып «Казкомды» алыпсыңдар жар-жар – Серік Абас-Шах

Белгілі журналист, продюсер Серік Абас-Шах екі банктың біріккенін келемеждеп өлең шығарды.

«Жар-жар!Баян құсап лайкты,Мықты жинап жар-жар.Қосылуда қос банк,Жұртты қинап жар-жар.

Үлкені мен клиенттің Жасы мұнда жар-жар,«Казкомкүлді» көруге,Асығуда жар-жар.

Құтты болсын тойларың, «Halykшылдар» жар-жар.Тоқал қылып «Казкомды» Алыпсыңдар жар-жар.

Бір аттаған босаға,Берік болсын жар-жар.Үйлеріңе «ЦентрКредит»,Келіп қонсын жар-жар.«Цеснабанк-ті» түгімен,Жұтыңыздар жар-жар, «Kaspibank-ті» нөл қылып, Ұтыңыздар жар-жар. «ForteBank-тай» толықсып, Толыңыздар жар-жар,«АТФ Банк-ке» қожайын, Болыңыздар жар-жар.«Qazaq Banki-де» қан қалса,Ішіңіздер жар-жар.«Нұрбанк-ті» жеп семіріп,Ісіңіздер жар-жар.«RBK-ны» сүліктей,Сорыңыздар жар-жар,«TengriBank-ті» шалғын ғып,Орыңыздар жар-жар.

БІРАҚ:«Сбербанк», «Альфа», «ВТБ-ға»,Ұрынбаңдар жар-жар.Тек қазақстанский банктерге,Қырындаңдар жар-жар. «Нұрлы» елдің ақшасы,«Нұр-теңіз» ғой жар-жар.Бүкіл xалық «Halyk-пен»,Біргеміз ғой жар-жар.С.А. (мәні өзгерген мәтін)

Өлеңді оқыған көпшілік, продюсердің астарлы қалжынына риза боп қалды.