«Бізді өзгерткен бейсенбі», «Бейсенбі барлығымыз үшін қара күн», «Кешір Денис, қош бол, Денис!», «Аза тұтамыз және есте сақтаймыз, сен біздің чемпионсың... Мәңгілікке...».
Спортшы, халық сүйіктісі және жай ғана жарқын адам 19 шілде қайтыс болды. Белгісіз біреулер Денис Тенді күндіз Алматының қақ ортасында өлтіріп кетті деп жазады Тengrinews.kz.
Қазақстанмен бірге бүкіл әлем жылады. Бірі қайғысын ешкімге көрсетпесе, екіншісі әлеуметтік желілерде ашулы жазбалар жазды. Ешкім бей-жай қалмады. Қайғылы оқиғадан кейін алматылықтар Денис Тен қаза тапқан орынға гүл, жұмсақ ойыншықтар әкеліп, суретінің алдында шам жаға бастады.
Апаттан кейін екі апта өтсе де, әлі күнге дейін қайғы-қасірет тоқтамаған. Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысына әлі де адамдар келіп, суреттерге қарап көз жасын тыя алмайды.
«Әлі күнге дейін адамдар гүл, шам алып келеді. Қыздар ұзақ жылап тұрады. Бірақ не істеуіміз керек, қалай жыламасқа? Еліміз үшін орны бөлек баланы жоғалтып алғанымыз үшін қайғымен өмір сүріп жүрміз. Оны жеке танымасақ та, мақтанамыз. Қайтыс болғалы бері осында күнде келемін, күнде жылаймын...», - деді алматылық тұрғын Бақытгүл Искенова.
Денис Тенге шабуыл жасалған спорт алаңның маңы қазір гүлдерге толы. Бірі әлдеқашан солып қалған, екішісі жап-жаңа, ал үшіншісі оны алып тастамайынша тұра береді, себебі алматылықтар жасанды гүл де алып келген.
Алмалы ауданының әкімдігінде мәнерлеп сырғанаушыға арнап қайтыс болған жерге ескерткіш немесе мемориал салу мәселесі қаралып жатыр.
«Қазір нақты айту қиын. Бірақ онда Денис Тенге арналып қандай да бір еске алу нысаны болады. Бұл мәселені әкімдік Денистің отбасымен шешеді», - деді аудан әкімі Жасұлан Естенов.