$ 498.34  519.72  4.85

Астанада тұрғызылып жатқан коттедж қирап, үш жұмысшы үйінді астында қалды

Астанада салынып жатқан коттедждің екінші қабатының едені бірнеше адамның үстіне құлады деп хабарлайды ІІМ ТЖК.

«1 тамызда сағат 19.55-те Балқантау 171 көшесінде салынып жатқан екі қабатты коттедждің анықталмаған жағдайда бірінші және екінші қабат аралығындағы еден құлады. Салдарынан 1970 және 1983 жылғы жұмысшылар үйінді астында қалды. Олар ауруханаға жеткізілді. Қазір өлім аузында тұрған тағы бір жұмысшыны үйіндіден шығару жұмысы жүріп жатыр», - деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметіндегілер. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр деп хабарланды. Сондай-ақ, онда Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет жанындағы Апат медицина орталығының дәрігерлері бар.

Кейін құтқарушылар үшінші жұмысшыны үйінді астынан шығарып алғанын хабарлады. Ол тірі және ауруханаға жеткізілді. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары