Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Қор биржасындағы саудаға KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.
Сессия қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 349,44 теңгеге жетті. Сауда көлемі – 68 350 мың доллар.
Рубль бағамы 5,5535 теңгені, сауда көлемі 10 000 мың рубльді құрады.
Ұлттық банктің ресми сайтында бүгін доллар бағамы – 348.21 теңге, еуро 406.81, рубль 5.56 теңгені көрсетіп тұр.
Ақша айырбастау пунктерінде доллар 350 теңгеден сатылуда.