$ 494.87  520.65  4.91

Әйелді тыр жалаңаш шешіндірген өзбек полицейі жұмыстан қуылды

Өзбекстандағы милиция бөлімшесінде әйелді тыр жалаңаш шешінуге мәжбүрлеген қызметкер құқық қорғау органдарынан қуылды деп жазады 365info.kz.

Ол аздай, полицей Санат Умаров тіпті қамауға алынған, деп хабарлайды Өзбекстанның ІІМ.

«Қаттақорғанда болған бұл оқиға сұмдық нәрсе. Кейбір ары таза емес қызметкерлердің осылайша қызмет бабын асыра пайдаланатыны өте өкінішті, — делінген министрліктің хабарламасында.

Санат Умаров Қаттақорған Ішкі істер бөлімшесінде жұмыс істеген. Тексеруден анықталғандай, әйелді шешінуге мәжбүрлеп, оны видеоға түсірген адам осы.

Енді Умаров сотталып кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары