$ 444.14  477.05  4.85

Анасын сағынып, көзіне жас алған Рахман Омардың ұлы қылмыскердің бірі бостандықта жүргенін айтты (ВИДЕО)

Актер Рахман Омардың ұлы анасының өліміне кінәлілердің бірі бостандықта жүргенін айтып көзіне жас алды. «Қылмыстық істің басталғанына 2 ай өтсе де, тергеу дұрыс жүрмей жатыр» дейді ол.

«Менің анамды осыдан 2 ай бұрын «квартирант» қыздары пышақтап өлтірді. Қылмыстарының үстінен түскен мені де өлтіргісі келген. Солардың ішіндегі бір қыз әлі күнге бостандықта жүр. Алматы қалалық ІІД мен ІІМ-нен бұл істі қолға алуын сұраймын», - деген ол кінәлілерді жазалауды сұрап отыр.

Анасын қатты сағынған ұлы әлі күнге түнімен ұйықтай алмай дөмбекшіп шығады екен.

«Бұрынғыдай проблемамды не жетістігімді айтатын анам жоқ. Бұрынғыдай палаудың мұрын жарар иісін иіскей алмаймын. Себебі, оны дәмді етіп әзірлейтін анам жоқ бұл жалғанда», - деп ұлы жұрттың жүрегін елжіретті.

Марқұмның құрбысы Қарагөз Сүлейменова болса, қылмысқа ер адамның да қатысы бар деп отыр.

«Болжам бойынша пәтерде сутенерлер тұрған. Бір еркек, екі әйелдің қатысы бар. Тұтқынға алынған әйел аузын ашпайды, енді бірі бостандықта жүр. Қоғамда болып жатқан бұл масқараға неге тиісті орындар бейжай қарап отыр?», - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Еске сала кетейік, Алматыда мамыр айында танымал актер Рахман Омардың бірінші әйелі Гүлдерайым Омарованы пәтер ақысын алуға барғанда 3 қыз пышақтап өлтірген. Марқұмның артында 3 баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары